Жамбыл облысында ауыл әкімі болуға 122 азамат ниет білдірген. Олардың 20 пайызы әйелдер. Сайлауға кандидат ұсыну мерзімі 9 шілде күні аяқталған. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы 14 ауылдың әкімі қайтадан үміткер атанғанын айтады. Сондай-ақ, кандидаттардың арасында 5 жұмыссыз азамат бар. Енді бірер күнде тіркелген кандиттар сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын бастайды.
Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
15 шілдеде басталып 23 шілдеде кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары тоқтайды. Қазіргі уақытты уакілетті оргондармен кездесулердің кестесі жасалып, сайлаушылармен кездесетін орындар анықталды. Және олардың аудандық газет беттерінде хабардар етіп, аудан әкімдіктерінің сайттарына орналастырды.
Сәбит Әлдебай