Жамбылда сайлаушылардың 90,66 пайызы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда сайлаушылардың 90,66 пайызы дауыс берді

26.07.2021

Жамбыл облысында сайлау нәтижесі бойынша ауыл әкімдерінің тең жартысы жаңарған. Облыс тұрғындарының – 90,66 % дауыс берді.

Қызылорда облысында болса әкім сайлауына, дауыс беру құқығы бар тұрғындардың 83,6 пайызы қатысқан. Яғни, 36 мың сайлаушының, 30 мыңы дауыс берген.

Батыс Қазақстандықтардың 81,3 пайызы саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады. Ақтөбе өңірінде сайлаушылардың 79,5 пайызы, Атырау облысында 74,4 пайызы дауыс берді.

Павлодар облысы бойынша 40,6 мың адам дауыс берді. Бұл сайлаушылардың 76,9 % -ы.

Қарағанды облысында 149 елді мекенде жаңа әкім сайланған. Дауыс беруі тиіс 80 мың адамның 76 пайызы саяси науқанға қатысты.


Хабарламаларға жазылу