Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлауында 122 үміткер бақ сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлауында 122 үміткер бақ сынады

25.07.2021

Әкімдер сайлауында бір орынға 3-4, тіпті, 6 үміткерден тіркелген ауылдар бар. Сайлаушылардың да белсенділігі де жоғары.

Мәселен, Қызылорда облысы бойынша ауыл әкімдерінің сайлауында 122 кандидат бақ сынап жатыр. Оның ішінде 47 үміткер саяси партиялардан, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар.Әр орынға орта есеппен 3 кандидаттан. Ал бір ауыл әкімдігіне 6 үміткер сайлауға түсіп жатыр. Бәсекелестік жоғары.

Ғалым Баймұрзаев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Арыз-шағымдар түскен жоқ. Қызылорда облысыбойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардан басқада қоғамдықбірлестіктерден сенім білдірген адамдары мен байқаушылары 313 адам барлығы байқау жүргізуде.

Қарағанды облысында да дауыс беру барысында кемшіліктер жіберілген жоқ. Бір орынға 4-5 үміткерден тіркелген елді-мекендер бар. Ең жоғары белсенділік Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында. Сайлау барысын 391 байқаушы қадағалауда. Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталған.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу