Спорт журналисі Диас Омаров жайлы кітап Норвегияда таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт журналисі Диас Омаров жайлы кітап Норвегияда таныстырылды

08.07.2021

Белгілі спорт журналисі, комментатор Диас Омаровтың өмір жолына арналған «Вел репортаж Диас Омаров» атты кітап Норвегияда таныстырылды. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі мен Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы шараны Диас Ілиясұлының дүниеден озғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырды. Тұсаукесерге алматылық «Динамо»клубының допты хоккейден ардагерлері Юрий Чурсин мен Андрей Маряшин қатысты. Қазір Норвегияда тұратын қос чемпион «Динамо» клубының құрамында өткізген бақытты кезеңдерін, Диас Омаровтың әлемдік додалардан жүргізген репортаждарын сағынышпен еске алды. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу