Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының ресми тұсаукесері өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының ресми тұсаукесері өтті (ФОТО)

18.03.2015
Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының ресми тұсаукесері өтті (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтың жаңа еңбегі – «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер жиынға Несіп Жүнісбаевтің спорт журналистикасындағы шәкірттері мен Лондон Олимпиадасына қатысушы боксшылар Данияр Елеусінов, Ілияс Сүлейменов және Олимпиада чемпионы –  Серік Сәпиев келді. Сонымен қатар, іс-шараға Астана қалалық спорт мектебінің шәкіртері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кітап қазақстандық спортшылардың 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы толағай табысы туралы баяндайды. Сондай-ақ, Сочи-2014 Қысқы Олимпиада ойындары жайында мәліметтер қамтылған. Кітапта мыңға жуық фотосурет басылып шықты.

Тұсаукесерге жиналғандар Несіп Жүнісбаевтың қолтаңбасы қойылған кітаптарды алып, естелік суретке түсті.

Хабарламаларға жазылу