Тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев дүниеден өтті

27.02.2018

Сексен екі жасқа қараған шағында қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев өмірден өтті. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары ол Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша хабар таратқан. Сұлтанғали Қаратаев бүгінде қазақ комментаторларына қажетті көптеген термин сөздерді қолданысқа енгізген. 1936-шы жылы 23-ші маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген спорт комментаторы өз заманында Владимир Толчинскиймен бірге жұптасып жұмыс істеген. Сондай-ақ, артынан Диас Омаров пен Рабат Жәнібеков сынды талантты шәкірттерін дайындап кеткен. Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері жарық көрген. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу