«Қазақтың 72 бапкері» кітабының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтың 72 бапкері» кітабының таныстырылымы өтті

20.05.2021

«Қазақтың 72 бапкері» атты кітап қалың оқырманға жол тартты. Туынды авторы – спорт журналисі, қаламгер Қыдырбек Рысбек. Кітапқа қазақ спортының 75 жылдық тарихында Олимпиада, Әлем және Еуропа, Азия чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген бапкерлердің есімі енген. Сонымен қатар, спортшылар мен сала қайраткерлері туралы фотосуреттер бар. Үш мың данамен жарық көрген кітапқа 500-ден астам қазақ спортшысының аты-жөндері мен жеңіс жолдары арқау болған.

Қыдырбек Рысбек, спорт тарихшысы:
35 жылдық спорт журналистикасындағы еңбегіміз, нәтижесіз, ізденіс.Кітабы жоқ, тарихы жоқ ел ел емес қой, жады жоқ. Сондықтан бұл кітаптың ішінде болашақ бапкер боламын деген спортшыға, талапкерге кітаптың ішінде талай дүние бар. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу