Норвегияда қазақ мәдениеті таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегияда қазақ мәдениеті таныстырылды

08.09.2021

Ослодағы «Раушангүл сарайы» сахнасында қазақ мәдениеті күні өтті. Оқу кешені басшыларының шақыруымен еліміздің Норвегиядағы елшілігі мен «норвег-қазақ»мәдени орталығының мүшелері арнайы қойылым ұйымдастырды. Көздің жауын алатын ұлттық киімдегі қыздар мың бұрала билесе, жас өнерпаздар әннен шашу шашты. Қазақ музыкасы мен диаспора өкілдерінің таланты Осло жұртшылығын тәнтті етті. «Құрақ көрпе» де көпшіліктің қазақ қолөнеріне деген қызығушылығын арттырды. Норвегиялықтар қазақтың бай мәдени мұрасын көру үшін Қазақстанға сапарлауға асық.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу