Елорда халқының 31,3 пайызы бұқаралық спортпен айналысады
Астананың абыройы асқақтап, сәулеті дәулетіне сай артып келеді. Бас қалада әсіресе, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Қазір елорда халқының 31,3 пайызы немесе 370 мыңнан астам адам бұқаралық спортпен айналысады. Салауатты өмір салтын ұстанғандар қатары өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға артқан. Қазір спорт алаңдарын салу жұмыстары «Алматы» ауданында қарқын алған. Былтыр мұнда 33 аула абаттандырылып, 142 тренажер орнатылған. Футбол, баскетбол, Workout алаңдары жұмыс істеп тұр. Биыл қосымша тағы 7 алаңға 60 жаттығу құрылғысын орнату көзделген. Жалпы елордада 400-ден астам спорт алаңы бар.
Рауан Тілеу, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:Кешке қарай келсеңіз адамдар көп болады спортпен шұғылданып жатқан. Өзімнің айналысып жатқаныма 1-2 жылдай болып қалды. Жазда спорт залға барып керек емес, бұл жерге келсеңіз барлық керек жаттығу жасауға барлығы жасалған.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дохада Ауғанстан мен Пәкістан делегациясы атысты тоқтату туралы келісім жасады
20.10.2025, 10:15

Газада ымыра қайта бұзылып, Израильдің шабуылынан 44 адам қаза тапты
20.10.2025, 10:10
Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды
20.10.2025, 10:00
Өлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55