Басты Жаңалықтар Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыз өлі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыз өлі табылды

Қызылордада 18 маусым күні жоғалып кеткен 13 жасар қыз өлі табылды. Іздестіру тобы жасөспірімнің мүрдесін Шіркейлі каналынан шығарып алды.

300-ге жуық адам екі күн бойы жер-жерді тінтіп шыққан. Нәтиже болмаған соң, үйіне жақын маңдағы су айдынынан іздестіріліп, каналдың бойынан табылды. Кәмелет жасқа толмаған қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды дейді полицейлер. Бірақ, сот-медициналық сараптама тағайындалып, қайғылы оқиғаға қатысты тергеу әрекеттері басталды.

Әділбек Серікұлы

Бөлісу