Коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды

15.06.2021
Коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.  Бір тәулікте коронавирустан 9,  пневмониядан 1 адам көз жұмды. 

Жалпы, өткен тәулікте 757 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. 3 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан.

Қазіргі уақытта 21 204 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде:

• 458 адамның жағдайы ауыр,

• 110 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 2 547 363-ке жетті. II компонентті алғандар саны - 1 435 334 адам.

Хабарламаларға жазылу