Коронавирус пен пневмониядан 101 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пен пневмониядан 101 адам көз жұмды

30.07.2021

Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Коронавирустың таралуын бағалау матрицасы 5 күннен бері өзгеріссіз. Яғни, қазір «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. «Сары» аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің бәрі қауіпті деңгейде.

Індеттен қайтыс болғандар саны да азаяр емес. Кеше коронавирус пен пневмониядан 101 науқас көз жұмған. Одан бөлек 7778 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 304 адам шалдыққан. Қазір 93 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр, 1639-ы ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 321 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу