COVID-19 жұқтырған 220 адамның жағдайы ауыр - ДСМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 жұқтырған 220 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

20.11.2020
COVID-19 жұқтырған 220 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Қазақстанда өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус анықталды. Оның 242-сі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Алматы қаласында 91 адам вирус жұқтырып, тәуліктік көрсеткіш бойынша 2-ші сатыда тұр. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 123888-ге жеттi. Оның 111483-і дертінен айықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдап жатыр. Оның 481-і бала. Науқастардың арасында 220 адамның жағдайы ауыр. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Сондай-ақ коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 158 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 40848 адам пневмонияға шалдыққан. 29869 адам індеттен жазылып шықты. 

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 1970, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 424.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу