Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды

16.03.2021
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды. 954 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 225685-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 539 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 207371. Қайтыс болғандар - 2865.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 375 адам ем қабылдап жатыр. 239 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 7 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49817 адамға пневмония диагнозы қойылды. 45235 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 656.


коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу