Коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды

13.04.2021

Дерт дендеп барады. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліме тіне сәйкес, өлім көрсеткіші әсіресе, Алматыда жоғары. Мәселен, кеше ковидтен қайтыс болған 24 адамның 11-і алматылық.

Айта өтейік, бүгінде елде «жасыл» аймақта екі өңір ғана тұр. Ол – Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары. Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймаққа енсе, «сары» аймақта Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.

Кеше жалпы ел бойынша 2016 адам вирус жұқтырды. 24 науқас коронавирустан қайтыс болса, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 10 адам шалдығып, 4-еуі көз жұмған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу