Коронавирус жүктілікке, ұрықтың дамуына кері әсер етіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жүктілікке, ұрықтың дамуына кері әсер етіп жатыр

11.06.2021

Жүкті әйелдердің арасында аяқ асты қан қысымының көтерілуі, ерте босану, шақалақтың іште шетінеп кетуі сияқты факторлар көбейген. Бұл ковидтің салдарын зерттеген Канадалық ғалымдардың қортындысы. Олар вирус жұқтырған 400мыңнан астам аяғы ауыр әйелге тексеру жүргізіп, талдау жасаған. Қазақстандық дәрігерлер де осындай жағдайлардың жиілегенін айтады.

Атын айтып, түсін түстемеуді сұраған әйел былтыр коронавируспен ауырған. Биыл екі рет бала көт ергенімен іштегі шарананың жүрегі тоқтап, түсік жасауға тура келген.

Қала тұрғыны:
Бір емес екі рет түсік жасауға тура келді. Өйткені денсаулығыма қауіп төніп тұрды.

Жыл басынан 1000-ға жуық әйелге түсік жасалған. Бұл елордадағы тек бір бөлімшедегі теріс көрсеткіш. Әйелдердің 30 пайызының жүктілік мерзімі 21 аптадан тоқтаса, қалғаны 12 аптаға дейінгі мерзімде көмекке жүгініп, баласын алдыртуға тура келіпті.

Айдана Бигетаева, дәрігер-гинеколог:
Соңғы 1 жылдың ішінде жатырда ұрықтың дамымай қалуымен деректер көбейе бастады. Айына 150-дей түсік жасалады.  Коронавирусты бәріміз білеміз, қанды қояландырады. Сондықтан жүктілік және коронавирус болса, жүктілікке дейін кв ауырса қанның қоюлануы кездеседі. Ол патаологиялық жүктілік. Ол жүктіліктің тоқтауына, дамымай қалуына әкеліп жатыр.

Канадалық ғалымдар ковидпен ауырған 439 мыңдай жүкті әйелдің талдау қорытындыларынан қан қысымының көтерілуі мен ерте босанудың көптігін анықталған. Шарананың іште шетінеуі мен аз салмақпен тууы көп кездескен. Ал Қазақстанда мұндай зерттеу жүргізілген жоқ. Десе де мамандар жүкті әйелдерде қанның ұюы, ұрықтың дамымай қалуы, ерте босану деректері жиілегенін айтады. Өткен жылы түсік жасатқан 72 мыңға жуық әйелдің 26 мыңдайы шақалақ іште шетінеп кеткендіктен абортқа барған.

Бибігүл Әбдіхалықова, акушер-гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының акушер-гинекологы:
Вирус әйелге де балаға да зиянын тигізеді. Егер әйелдің иммунитеті уақтылы вирусты ұстап алмаса онда ол өтіп кетеді де балаға әсер етеді, баланың шетінеуіне алып келеді. Ал әйелдің пневмониясы болуы мүмкін, қанның ұюы, байқалады, әйелде қан кетуі мүмкін, сондай қауіпті факторлар бар.

Ерлі-зайыптылардың қателігі - жүктілікті жоспарлап, денсаулығын алдын-ала тексертпейді. Ал вирустың қай түрі болмасын ұрықтың дамуына әсер етпей қоймайды дейді мамандар.

Жәмилә Юлдашева, №14 қалалық емханасы жүктілікті жоспарлау кабинетінің гинекологы:
Жүктілікті жоспарлағанға дейін әйел адамның организміндегі әртүрлі инфекциялық аурулар, басқа ағзалардағ созылмалы ауруларды анықтау керек. Өйткені созылмалы аурулар баланың дамуына әсер етеді. Баланың шетінеуіне, ерте босануға алып келеді.

Бүгінде емханалардың жанында 850 ге тарта отбасын жоспарлау кабинеттері бар. Белгісіз дерт жайлаған қауіпті кезеңде маман көмегіне жүгінудің маңызы зор.

Раушан Сайлауқызы, тілші:
Коронавирус көп зерттеуді қажет етеді. Вирус тіпті жүкті әйел тұрмақ басқаларын да мұрттай ұшырды, тіпті ажал құшқандар аз емес. Сондықтан дәл қазіргідей қиын жағдайда сәби сүйгісі келетін кез келген ана ең әуелі денсаулығын тексертіп, бала көтерсе, жоғары да біз айтқан қауіпті факторлардың алдын алуға болады. 

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу