Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 2 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 2 күн қалды

09.06.2021

Футболдан Еуропа біріншілігінің басталуына 2 күн қалды. Чемпионат биыл алғаш рет 11 қалада бірдей өтпек. 24 елдің командалары қазір ашық жаттығу өткізіп, додаға қызу дайындық жүргізіп жатыр. Турнирдің ашылу матчы 11-маусымда Римдегі «Олимпийский» стадионында өтеді. Одан кейін алғашқы кездесу Түркия мен Италия командалары арасында болады. Ойынға жанкүйерлерді кіргізуге болады. Бірақ санитарлық талап бойынша трибунадағы орындардың жартысы бос болуы керек. Барлық матчтарды тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport»телеарналарынан көре аласыздар. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу