Еуропа чемпионатының басталуына 4 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа чемпионатының басталуына 4 күн қалды

07.06.2021

Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 4 күн қалды. Бұл Копенгаген қаласында орналасқан Паркен стадионы. Қонақтарды қарсы алуға қызу дайындық үстінде.

Мұнда B тобындағы Дания, Ресей, Бельгия, Финляндия құрамалары ойнайды. Жалпы 16-шы Еуропа біріншілігіне 24 елдің құрамасы қатысады. Барлық матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport»  телеарналарынан көре аласыздар. Сондай-ақ маусымның 13-і футболдан Америка кубогі үшін талас басталатынын естеріңізге саламыз. Мұхиттың арғы бетінде өтетін аяқ доп додасын ұлттық арна мен «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу