Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 3 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 3 күн қалды

08.06.2021

Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 3 күн қалды. 60 жылдық тарихы бар ойындар Биыл алғаш рет 11 қалада бірдей өтпек. Қазір қызу дайындық жүруде. Турнирдің ашылу матчы 11 маусымда Римдегі «Олимпийский» стадионында өтеді. Одан кейін алғашқы кездесу Түркия мен Италия командалары арасында болады. Ал финалдық матч 11 шілдеде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Барлық матчтарды Қазқстан және Қазспорт телеарналарынан көре аласыздар. Айта кетейік футболдан Еуропа біріншілігі өткен жылы өтуі тиіс болған, алайда пандемияға байланысты бір жылға шегерілген еді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу