Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

09.06.2021

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты болуы - халықтың бірлігіне байланысты. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев этнос аралық келісім мен конфессия аралық татулықтың маңызын атап өтті. Ассамблея жұмысын жандандыру үшін ең әуелі қоғамдық бұқаралық коммуникацияны дамытып, қоғамдық ұйымдар мен этно мәдени бірлестіктер, әлеуметтік ақпараттың ауқымды алаңдарына шығуы керек. Әрі бірлестік жанынан құрылған жастар қанатының жұмысын жандандыру міндеті тұр. Сондай-ақ ассамблея ана тілімізді дамытуға өз үлесін қосады. Мемлекеттік хатшы этно мәдени бірлестіктер мен Достық үйлерінің жанындағы қайырымдылық ұйымдардың, мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының жұмысына жағдай жасау керегін айтты. Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-жомарт Тоқаевтің ел басқарғанына екі жыл толуын ерекше атап өтті.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы: 
Өздеріңізге белгілі, 2019 жылдың 9 маусымында мемлекетіміздің жаңа басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысымен Президент болып сайланғанына екі жыл толды. Бұл тарихи сәт тағылымы мол сабақтастықтың, саяси бағдарды сақтай отыра, үндестіктің, әділеттіліктің және дамудың принциптеріне негізделген жаңа басқару әдісін қалыптастыруда, жаңа заманның жаңа шақыруларына лайықты жауап беруге мүмкіндік беруде.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу