Ashyq қосымшасын тұрақты қолданған кәсіпкерлерге жеңілдік жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ashyq қосымшасын тұрақты қолданған кәсіпкерлерге жеңілдік жасалады

01.06.2021

Ashyq қосымшасын тұрақты қолданған кәсіпкерлерге жеңілдік жасалады. Соның бірі – жұмыс уақытын ұзартып, карантин талаптарын жеңілдету. Яғни қызыл аймақта орналасқан бизнеске сары аймақтың талабы, ал егер кәсіпкер жасыл аймаққа жататын қалада тұрса, оның жұмыс уақыты тағы екі сағатқа ұзарып, келушілерді 10%-ға арттыруға болады. Жауаптылардың айтуынша, жеңілдік алатын бизнес өкілдері екі апта ішінде анықталады. Нысанға келіп, қосымшаға тіркелген адам саны, кәсіп түрі мен орналасқан өңірін ескере отырып есептеледі.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу