Шағын және орта бизнес өкілдері салықтан босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнес өкілдері салықтан босатылады

06.04.2020

1 сәуірден 1 қазанға дейін шағын және орта бизнес өкілдері елдегі төтенше жағдайға байланысты салықтан босатылады. Мұндай жеңілдік, әсіресе, қонақ үй бизнесі, консультациялық қызмет, транспорттық қызмет және қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлерге жасалады. Ал бұл тізімге енбеген кәсіп иелерінен әлеуметтік төлемдер мен салықтың кез-келген түрі 1 маусымға дейін шегеріледі. Айта кетерлігі, мұндай жеңілдікті алу үшін кәсіпкерге ешқайда барудың, қандай да бір құжатты тапсырудың қажеті жоқ. Жүйе автоматты түрде жұмыс істейді. 

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу