Бүгіннен бастап «Тұлпар-Тальго» пойызына жаңа жеңілдіктер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап «Тұлпар-Тальго» пойызына жаңа жеңілдіктер енгізіледі

01.08.2015
Бүгіннен бастап «Тұлпар-Тальго» пойызына жаңа жеңілдіктер енгізіледі

1 тамыздан күндізгі кестемен жүретін (бір бағытқа) төмендегі пойыздарға 10 пайыздық жеңілдіктер енгізіледі:

№35 Алматы-Шымкент бағытына;

№49 Алматы-Ақтөбе бағытына;

№50 Ақтөбе-Алматы бағытына;

№78 Атырау-Алматы бағытына;

№90 Қызылорда-Астана бағытына.

Бұдан бөлек, барлық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызының (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа) жоғары орындарына 5 пайыз көлемінде жеңілдіктер жасалады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ,  «Құрмет» (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және «Жастар» (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконт карталарға қазіргі 10 пайыздық жеңілдікті 30 пайызға дейін көбейтілген.

«Саяхатшы» дисконт картасы  жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін жеңілдіктер қарастырылған:

100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз;

150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны  – 15 пайыз;

200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі – 20 пайыз. 

 

ФОТО: pfoto-rzd.com

Хабарламаларға жазылу