Инвесторларға жеңілдік жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвесторларға жеңілдік жасалады

29.04.2014
Инвесторларға жеңілдік жасалады
Бұдан былай ірі нысанды іске қосқан шетелдік инвесторлардың қаржылай шығынының 30 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі. Ал, корпоративті табыс салығынан олар 10 жылға дейін босатылады.
 
Осылайша, елімізге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға жол ашылмақ. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай деді.
 
Сондай-ақ, энергия көздері мен тауар тасымалына кететін шығындардың бір бөлігін мемлекет өтеп отырады. Жобаны іске асыру кезінде және пайдалануға бергеннен кейін де бір жыл бойы шетелдік мамандарды үкіметтік квотамен шақырта беруге болады.
 
Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:
Бұдан бөлек, инвесторлардың Қазақстанда 90 тәулікке дейін визасыз жүруіне рұқсат беру ұсынылып отыр. Бірақ, біздің ойымызша, ондай жеңілдік Қазақстан экономикасына қыруар қаржы салып жатқан ірі инвесторларға ғана берілуі керек.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу