Басты Жаңалықтар Азаматтар зейнетақы қорынан 10 млрд теңгесін қайтарып алды

Азаматтар зейнетақы қорынан 10 млрд теңгесін қайтарып алды

Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтары зейнетақы қорында жатқан 10 млрд теңгесін қайтарып алды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, биыл төлем 4600-ден аса адамға қайтарылған. Алайда қаражатын алған салымшы саны былтырға қарағанда аз. 530-дан аса азаматқа қордағы ақшасы ұлттық валютамен, 4 мыңнан аса адамға рубльмен, 87 салымшыға доллармен аударылған. Жалпы биыл шетелге 5500-ден аса азамат қоныс аударған. 

Ақерке Бектас

Бөлісу