Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күрес күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күрес күшейтіледі

17.05.2021

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күрес күшейтіледі. Әсіресе Алматы облысы аумағында құзырлы органдар бірлесіп өзен-көлдерде арнайы рейдтік тексерістерді жиі ұйымдастырмақ. Қапшағай қаласында өткен арнайы штаб отырысында сала мамандары кешенді жоспар құрып, су айдындарында инспекторлар мен табиғат қорғау полиция қызметкерлері санын арттырып, заңбұзушыларға қатаң шаралар қолдану мәселесін талқылады. Жалпы Алматы облысында 4 айда балық шаруашылығында 200-ден астам заң бұзу фактілері тіркеліп, 59 іс сотқа жолданды. Тағы 14 қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Браконьерлерден заңсыз ауланған 4 тонна балық, 5 жүзу құралы тәлкіленді.

Аян Бахиянов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:
Заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғаларды қолға түсіріп, олардан тәркілесек, қайықтарын немесе көлік құралдарын мемлекет бізге мүмкіншілік беріп отыр. Осы тәркіленген заттарды инспекция балансына, теңгеріміне алуға. Сондықтан біз осы бағытта үлкен жұмыс істеп жатырмыз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу