Алматыда Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің 20-шы отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің 20-шы отырысы өтеді

29.06.2015
Алматыда Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің 20-шы отырысы өтеді

30 маусым күні Алматыдағы «Қазжол» қонақүйінің конференция залында Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің 20-шы мерейтойлық отырысы өтеді.  

Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесі ҚР Су Кодексінің 43-бабына сәйкес су қатынастарын реттеу, су қорын пайдалану мен сақтау мәселелерін қарастыру мақсатында 2005 жылы құрылған.

Отырысқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардың және мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысады.

Жиында бассейндегі су шаруашылығының ахуалы мен ондағы су ресурстарын сақтау бойынша соңғы 10 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі, сонымен қатар, Қытайда өткен 7-ші әлемдік Су форумының қорытындысы қаралады.

Отырыс аясында Кеңес мүшелеріне арналған «Су ресурстарын үйлестіру және суға деген сұранысты басқару» тақырыбы бойынша тренинг ұйымдастырылады.  

Хабарламаларға жазылу