Алматы облысында шабақ балықтар қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында шабақ балықтар қырылып жатыр

03.11.2022

Алматы облысында шабақ балықтар қырылып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған мына видеода жүздеген өлі шабақтың жағаға шығып қалғанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, бұл Қапшағай су қоймасының Арыстан тауы маңында болған. Белгілі болғандай 1 қараша күні осы учаскеге «Айна Су» серіктестігі 30 мың шабақ жіберген.

Қазір шабақтардың жаппай қырылуына қатысты Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы мен экология департаменті қызметкерлерінен ведомствоаралық комиссия құрылды. Олар судан сынамалар алып, шабақтардың қырылуынының нақты себебін анықтауға кірісті.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу