Елімізде «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобалары өз жұмысын бастады. Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов хабарлады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «Тәуелсіздік Ұрпақтары» жобасының мақсаты – өз саласында жетістікке жеткен жастарды таныту, шабыттандыру, үлгі ету. Бұл тізімге 500 жас азамат енгізілді. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін түрлі тақырыпта онлайн-тренингтер ұйымдастырылады. «Профнавигация» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау, мансап құру алгоритімі әзірленеді. Себебі жеткіншектер үшін сұраныстағы мамандықты таңдай білу маңызды. Жоба аясында оқушылар білікті мамандармен және шетелде білім алған үздік түлектермен кездеседі, арнайы психологиялық тест тапсырып, мамандармен жұмыс істейді.
Ақниет Балтанова