Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті

06.05.2021

Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті. Ал, қазір қауіпті аймақта 7 өңір тұр. Олар: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстары. Ал, «сары» аймақтаАлматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстары бар. Әзірге Түркістан, Солтүстік Қазақстан, және Қостанай облыстарында ғана жағдай қалыпты.

Бірақ, індеттің беті қайтар емес. Кеше бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 43 адам қайтыс болған. Бір күнде 2443 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 29 адам шалдыққан.

Амангелді Сейітхан 

ковид эпидахуал

Хабарламаларға жазылу