Эпидахуал: Шымкент қаласы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эпидахуал: Шымкент қаласы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

31.01.2022

Ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Шымкент қаласы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал, «Сары» аймақта: Шымкент қаласымен бірге Қызылорда облысы бар. «Жасыл» аймақта Түркістан облысы ғана. Айта кетейік, өткен тәулікте 7491 адам коронавирус жұқтырған. Бұл өткн аптамен салыстырғанда науқастардың азайып келе жатқанын көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу