Елімізде бір тәулікте 1573 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір тәулікте 1573 адам коронавирус жұқтырды

25.10.2021

Еліміз бойынша бір тәулікте 1573 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы, індетке шалдыққандар саны 930 мыңға жуықтады. Жұқтыру көрсеткіші бойынша, Алматы қаласында ахуалдың аз да болса тұрақталғаны байқалады. Қала қауіптің «қызыл» деңгейінен «сарыға» ауысты.

Бүгінгі мәліметке сәйкес, «қызыл» аймақ тізімінде: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта - Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Ал «жасыл» аймақ тізімінде Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары бар.



коронавирус Қостанай Павлодар

Хабарламаларға жазылу