Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары «сары» аймаққа өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары «сары» аймаққа өтті

01.09.2021

Енді еліміздегі эпидахуалға тоқталсақ. Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті. Қазір 11 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қауіптің«қызыл» деңгейінде қалып тұр. Тек Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта.

Өткен тәулікте 4 320 адам коронавирус жұқтырды. Вирустық белгілері бар пневмония 58 адамнан анықталды. Бір күнде 134 науқас қайтыс болды. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 669 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу