«Қызыл» аймақтағы әуежайлар мен вокзалдарға шығарып салушылар кіргізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызыл» аймақтағы әуежайлар мен вокзалдарға шығарып салушылар кіргізілмейді

15.04.2021

«Қызыл»  аймақтағы әуежайлар мен вокзалдарда адам санын шектеу қатаң бақыланады. Енді қауіпті аймақтағы жол жүру пункттеріне күтіп алушылар мен шығарып салушылар кіргізілмейді. Ғимарат ішінде пойыз немесе ұшақтан жаңа түскендер және қолында билеті бар жолаушылар ғана бола алады. Бұл көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы. Құжат көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу