Қауіпті «қызыл» аймақтағы 19 ЖЭО жөндеуге 182 млрд теңге қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпті «қызыл» аймақтағы 19 ЖЭО жөндеуге 182 млрд теңге қажет

29.12.2022

Елімізде энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қысқарту мен қуаты аз қазандықтарды бақылауды күшейту ұсынылды. Сенат депутаты Бақытжан Байахметов Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында электр және жылу энергетикасы саласын жақсарту үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қысқартып, кететін шығынды, нысанды жөндеу мен жұмысшылардың жалақысын көтеруге жұмсауға болады дейді. Сенатордың сөзінше 2004 жылы аймақтық электр желілері компанияларының бөлімшелері жеке ұйымдарға бөлініп, олардың негізінде әр өңірде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құрылған. Олар энергия жеткізуде делдалдық қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ, депутат Энергетика министрлігіне тек магистральдық және тарату жылу желілерін ғана емес, қуаты аз қазандықтарды да бақылау құқығын беру маңызды дейді.

Бақытжан Байахметов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Электр энергиясы тарифі құрылымының 4,1%-ы энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарын құрайды. Осы шығындарды ескере келгенде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қаржысының жалпы көлемі, жылына 143 млрд теңгені құрайды. Ал, қауіпті «қызыл» аймақтағы 19 ЖЭО жөндеуге 182 млрд теңге қажет.


Хабарламаларға жазылу