Президент атындағы әуежайлар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент атындағы әуежайлар

21.06.2017

Әлемде мемлекет басқарған тұлғалар, президенттер, корольдер және премьер-министрлердің атындағы әуежайлар аз емес. Оларды Америка мен Еуропадан, Азия мен Африкадан кездестіруге болады. 

Стамбулдың Ататүрік халықаралық әуежайы 1924 жылы салынды. Алғашқы атауы – Йешілкөй. Оған Түрік Республикасының бірінші президенті Мұстафа Кемал Ататүрік есімі 1980 жылы берілді. Жолаушыларға қызмет көрсету жағынан бұл авиациялық терминал Еуропада бесінші, әлемде 11-ші орында тұр. 2015 жылы көне қаланың еуропалық бөлігіндегі және Мәрмәр теңізінің жағасындағы әуе портынан  60 миллионнан астам адам өткен екен.

Ал, Бакудің халықаралық әуежайына  тәуелсіз Әзірбайжанның алғашқы мемлекет басшысы Гейдар Әлиевтің аты 2004 жылы наурыздың 10-да берілген.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу