Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде экономика саласында да елеулі өзгерістер бар. Мәселен, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 70 трлн теңгеден асты. Оның 38%-ы тауар өндіруге жұмсалса, 55%-ы қызмет көрсетуге бағытталып отыр. Ал қайта өңдеу өнеркәсібі 12%-ке артқан
Тоқсаныншы жылдары ел экономикасы тоқырап қалған. Жұмыссыздық жайлап, сауда-өнеркәсіп тоқтады. Инфляция белең алды. Жалпы ішкі өнім 40%-ға төмендеді. Дағдарысқа жауап ретінде үкімет жедел индустрияландыру және елдегі шикізатқа тәуелділіктен арылу бағытын таңдады.
Ғалымжан Төребек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басқармасының сарапшы маманы:Тәуелсіздік жылдарында қабылданған шаралар қайта индустрияландыру және өңдеуші өнеркәсібінің дамуына серпін беретін әртараптандыру процесін бастауға мүмкіндік берді. Бұған кен-металлургия өнеркәсібі мысал бола алады. Тау-кен комбинаттарының көпшілігі жекешелендіру бағдарламаларының арқасында 1996-1997 жылдары түсті және қара металлургия оң нәтижелерін айқындады.
Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында 1996 жылдан бастап экономика еңсе тіктеді. Ірі бірлестіктер құрылды. Мырыш, алюминий, құбыр, металл, тазартылған алтын, күміс өндіру зауыттары іске қосылды. Металлургия саласында 400-ге жуық кәсіпорын іске қосылды. Әуе және ғарыш, коммуникация, электроника, медицина және автокөлік өндіретін 24 жаңа маңызды секторлар пайда болды.
Бауыржан Ысқақов, Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:Бизнестің жол картасы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, индустриялды-инновациялық бағдарламалар бар 2 этаппен өткен, осылардың барлығы да айналып келген кезде біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің немесе мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің үздіксіз өсуіне алып келді.
Ақниет Балтанова, тілші:Елімізде жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 9 мың доллар көлемінде. 2000 жылдары бұл көрсеткіш небәрі 1200 долларды құраған, яғни 8 есеге артыпты. Ал көрші мемлекеттермен салыстырар болсақ, соңғы статистикаға сәйкес:Ресейде ЖІӨ 1 жарым триллион долларға жуық. Қазақстанда бұл көрсеткіш – 180 млрд доллар. Өзбекстанның ЖІӨ – 57 млрд долларға жетіп отыр, Қырғыз Республикасында – 35 млрд доллар көлемінде.
Бауыржан Ысқақов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:Яғни біз салыстырмалы түрде жалпы ішкі өнімнің көлемін халықтың санымен, қызмет түрлерімен, өндіріс күштерімен салыстырмалы түрде айтатын болсақ, орташа дәрежеде қалыптастырып отырмыз.
Ал Ұлттық банк әлемді жайлаған індетке қарамастан алдағы екі жылда еліміздің жалпы ішкі өнімі тағы да 4 пайызға артады деп болжап отыр.
Ақниет Балтанова