Қызылордада жоғалып кеткен үш жасөспірімнің екеуі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жоғалып кеткен үш жасөспірімнің екеуі табылды

29.03.2021

Қызылордада үш жасөспірім жоғалып кетіп, екеуі екі күннен кейін аман-есен табылды. 15-16 жастағы оқушы қыздар жетімдерге арналған отбасылық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері. Олар 25 наурызда түн жамылып үйден жасырын шығып кеткен. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде екеуі Алматыдан табылды. Қазіргі таңда үшінші қыз іздестірліп жатыр. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер Алматыға таксимен жеткен. Жоғалған қыздарды жан-жақтан іздеуге құқық қорғау құрылымдары мен еріктілер жұмылды.

Азамат Оспанов, ҚПБ бастығының бірінші орынбасары:
Іздестіру шарасына ҚПБ-нан 500-ге жуық қызметкері, қаланың еріктілері жұмылдырылып, жоғалған үш қыз баланың суреттері әлеуметтік желілер мен БАҚ-на кеңінен жарияланды. 27-ші наурыз күні полиция мен халықтың қырағылығының арқасында Алматы қаласына кетіп қалғаны анықталды.


Хабарламаларға жазылу