Тәуелсіздік шежіресі: 1993-1994 жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік шежіресі: 1993-1994 жылдар

14.03.2021

Елес-қалалар елімізде 1993 жылдан пайда бола бастады. Экономикасы, бүкіл тіршілігі бір өндіріске қараған шағын қалалар. Ал өндіріс ошақтарының жұмысы тоқтағаны немесе конверсияланғаны мәлім.

Ереуілдер түк бермеді, адамдар аштан өле ме, ірі қалаларға көше бастады, елден кеткендер бар. Алайда не істерін білмей, елес-қалаларда қала бергендер де бар. Шаған, Жаңатас, Қаратау, кейін Арқалық...

Жалпы ел бойынша жұмыс жоқтық өз алдына, коммуналдық игіліктерден де береке кетті: жылу мен су жоқ, электр энергиясы 2-3 сағатқа ғана беріліп, тіпті тәуліктеп өшті.

Жалпы, сол уақытта көшеде шылым мен шемішке ғана емес, балауыз шамдар сатыла бастады. Керосин шамдар қалалардың да отын жақты. Аулада тамақ істемеске амал қалмады. 1993-те алғашқы шетелдік көліктер пайда болды. Бұрын қолданыста болған, әрине. Жұрт оншақты жыл бұрын шыққан «Audi-дің» жаңа «Жигулиден» жүз есе артық екенін түсінеді. Алайда «бағасы мен сапасы сәйкес келеді» дегенде жұрт «Mazda» маркасын айта бастады. Тек тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында көпшілік сүйіспеншілігі «Toyota-ға» ауады.

«Тәуелсіздікке - 30 жыл» айдары, Нұрлан Асқардың материалы.


Хабарламаларға жазылу