Алматыда тұрғын үй кешенінің бірінің тұрағында екі көлік жанып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға бүгін таңға жуық болды. «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үй астындағы тұрақтан шыққан қою түтінді байқаған. Кейін көлік тұрағында өрт шыққанын білген. Куәгерлердің сөзінше, екі белгісіз адам оқыс оқиғадан бір күн бұрын өрт сөндіруге ұқсас құрылғымен белгісіз зат шашып жүрген. Сондай-ақ, дәлізде қоқыс шашып, төбені қиратқан. Олардың әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің шығу себебі басқа дейді.
Гүлдана Нұрымбетова, қалалық ТЖД ресми өкілі:Тұрғын үй кешенінің күзетшілері дер кезінде хабар бергеннен кейін өрттің таралуына жол берілмеді. Себебі автокөліктің сымдарының қысқа тұйықталуынан.