Алматыда қоқыс көлігі тұрақтағы автомобильдерді соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоқыс көлігі тұрақтағы автомобильдерді соқты

25.04.2018

Алматыда қоқыс таситын жүк көлігі тұрақта тұрған бірнеше автокөлікті соғып барып, аударылып қалды. Оқиға Сәтбаев көшесінің бойында Достық пен Назарбаев даңғылдарының арасындағы аулалардың бірінде болған. Жүргізуші қоқыс жәшіктеріне жақындамақшы болған. Алайда, оған тұраққа қойылған көліктер кедергі келтірген. Ол қоқысты тиеп алу үшін көлік тежегішін тартып, автокөліктерді алып тастауын сұрау үшін сыртқа шыққан көрінеді. Бірақ, жүргізушілер болмаған. Осы кезде «КамАЗ»-дың тежегіші босап, «Тойота» маркалы автокөлікті соғады. Соның салдарынан жол жиегіне аударылып, тағы екі көліктің үстіне құлаған. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу