Алматыдағы тұрақта екі көлік өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы тұрақта екі көлік өртеніп кетті

11.03.2021

Алматыда тұрғын үй кешенінің бірінің тұрағында екі көлік жанып кетті.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға бүгін таңға жуық болды. «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үй астындағы тұрақтан шыққан қою түтінді байқаған. Кейін көлік тұрағында өрт шыққанын білген.

Куәгерлердің сөзінше, екі белгісіз адам оқыс оқиағадан бір күн бұрын өрт сөндіруге ұқсас құрылғымен белгісіз зат шашып жүрген. Сондай-ақ, дәлізде қоқыс шашып, төбені қиратқан. Олардың әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу