Қостанайда жанған көліктен бір адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жанған көліктен бір адам құтқарылды

19.05.2022

Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған жеңіл көлік өртеніп, ішіндегі ер адам аман-сау құтқарылды. Оқиға Юбилейный шағын ауданында болған. Түн ортасында көліктің жанып жатқанын тұрғындар байқап, полицияға хабар беріпті. Олардың бірі өртенген көлікке бірінші жетіп, полиция қызметкерлеріне ішіндегі адамды құтқаруға және жақын тұрған көліктерді қауіпсіз жерге итеріп апаруға көмектескен. Бір көлік тұтастай өртеніп кетті, тағы екеуі зақымданды. Бүгін облыстық Ішкі істер саласының басшылығы полицияға көмектескен азаматты арнайы шақырып марапаттады.

Ұлан Шөкеев. Патрульдік полицияның аға инспекторы:

19 мамыр күні түнгі сағат 2-де көлік өртеніп жатқаны жайлы 102 нөміріне хабарланды. Оқиға орнына екі минутта жеттік. Алыстан жанып жатқан машинаны көрдік. Қасында жас жігіт тұрды. Ана көліктің ішінде адам бар деп айқайлап бізді шақырды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу