Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана жәрдемақысы төлене береді

Бұдан былай қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына тұрғын үй жәрдемақысы төлене береді. Бүгін сенаторлар ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін беру мәселелеріне қатысты заңға түзету енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.
Айта кетейік, бұл тармақ бұрын реттелмеген болатын. Яғни, егер полицей қызмет кезінде жарақат алып, не қайтыс болса, тұрғын үй жәрдемақысы тоқтатылатын. Депутаттар тәртіп сақшыларының отбасына төлемдерді ипотека мерзімі аяқталғанға дейін немесе жалдамалы баспананы толық сатып алынғанға дейін жалғастыруды ұсынып отыр.
«Бас комитет қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауыр жағдайға тап болған: жарақат алған, бір жерін сындырған немесе контузия алған ішкі істер органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ қаза тапқан қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауға арналған түзетулер ұсынып отыр. Онда, атап айтқанда, ипотекалық шарт немесе кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін бұрын белгіленген тұрғын үй төлемдерін Үкімет белгілеген мөлшер мен тәртіпте сақтау ұсынылады», - деді депутат Сергей Ершов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нариман Құрбанов чемпион атанды
16.09.2025, 14:23

Чемпиондарды жерлестері қарсы алды
16.09.2025, 14:21
Жамбыл облысында оқушылар өлімінен кейін шенеуніктер жазаланды
16.09.2025, 14:18
Өзбекстан зейнет жасын өсіруді жоспарлай бастады
16.09.2025, 14:16
Қарағанды облысында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
16.09.2025, 14:14
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – бірегей алаң
16.09.2025, 14:06
М.Әшімбаев: Дін көшбасшыларының съезі – өркениетаралық диалогтың жаһандық форматы
16.09.2025, 14:03
Биыл 7 млн тонна астық жиналады
16.09.2025, 14:00