Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды. 901 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 205825-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 1144 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 189750. Қайтыс болғандар - 2683.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 21 573 адам ем қабылдап жатыр. 255 науқастың жағдайы ауыр. 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 60 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48887 адамға пневмония диагнозы қойылды. 40101 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 605.