Петропавлда 3 күнде 3 автобус өртенді. Бәрі де қала ішінде жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктер. Зардап шекккендер жоқ. Қазір мамандар тексеріс жүргізіп, өрттің шығу себептерін анықтауда. Алдын-ала болжам бойынша автобустар электр сымдарының тұйықталуынан отқа оранған болуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері өңірде 31 автокөлік өртенген.
Евгений Журавлев, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
9 мамыр күні қалада бір автобус өртеніп кетті, екіншісінде жүргізуші жылдам әрекет етіп, сөндіріп үлгерген. 11 күні де автобус толық өртеніп кетті. Өкінішке орай автокөліктің жанып кетуіне небары 5-8 минут жеткілікті, сондықтан көмек көрсетіп үлгере алмадық.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда 3 күнде 3 автобус өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/14235/)