Қызылордада аулада тұрған автокөлік жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада аулада тұрған автокөлік жанып кетті

10.01.2020
Қызылордада аулада тұрған автокөлік жанып кетті

Оқиға Қарасақал Ерімбет тұйығындағы тұрғын үйде болған. Жергілікті 112 құтқару қызметіне есік алдында тұрған Volkswagen Tuareg автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. 

«Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жанып жатқан автокөлік өрті тұрғын үйге қауіп төндіргенін анықтады. Мамандар дереу іске кірісіп, тілсіз жауды алауыздықтауға кірісті. Өртті сөндіруге 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», - деп хабарлады Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова. 

Қызылордада автокөлік өртену жағдайы жиі кездесіп отыр. Былтыр қауіпсіздік талаптары сақталмауы салдарынан 100-ден астам көлік өртенген.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу