Көкшетауда екі жеңіл автокөлік жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда екі жеңіл автокөлік жанып кетті

17.11.2021

Көкшетауда екі жеңіл автокөлік жанып кетті. Кеше күндіз сағат 12 шамасында Досов көшесінде «Mercedes» машинасы отқа оранды. 1 жарым сағат өткеннен кейін қаланың басқа бөлігінде Есенберлин көшесінде «Mazda» көлігі түгі қалмай жанып кетті. Құтқарушылар келіп, өртті сөндіргенімен, от лезде машинаны шарпып үлгерген. Көліктерде адам болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Екі өрттің де неден шыққаны белгісіз. Себептері анықталуда.


Хабарламаларға жазылу