Елордада 13 автокөлік жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 13 автокөлік жанып кетті

07.01.2021

Елордадағы көлік жуу орталықтарының бірінен өрт шықты. Салдарынан 13 автокөлік жанып кетті. Абырой болғанда нысандағы жұмысшылар мен көлік иелері дін аман. Өртті сөндіруге 9 техника мен жеке құрамның 15 қызметкері жұмылдырылды. 2 қабатты ғимаратты шарпыған қызыл жалын 11 сағатта әзер сөндірілді.  Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.   

Сондай ақ Нұр-Сұлтандағы Медеу көшесінде орналасқан жатақханадан өрт шықты. 80 шаршы метрді құрайтын жеке үйдегі 20 бөлмені тұрғындар жалдап тұрады екен. Құтқарушылар келгенше тұрғындар өз бетімен қашып шыққан. Олар қазір туған-туыстарының үйін паналады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу