Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Кездесу салтанатты сипатқа ие болды. Президент көрші ел дипломатына қос мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту үшін қосқан елеулі үлесі үшін алғысын айтып, 2-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:-Сіз дипломатиялық ортада халықаралық қатынастар бойынша білікті маман ретінде танымалсыз. Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде мемлекеттеріміз арасындағы достықтың тұрақты болуына, мәңгілік сипат алуына зор күш салып келесіз. Сіздің атқарған үлкен әрі ауқымды жұмысыңыз үшін ризашылық білдіреміз.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Бородавкинді жақында ғана өткен елеулі мерейтойлық датамен де құттықтады. Жоғары мемлекеттік марапатты табыстау да осы айтулы оқиғаға тұспа-тұс келіп тұрғанын атап өтті. Ал Ресей елшісі бұл награда өзі үшін де, оның әріптесері үшін де ерекше маңызға ие екенін жеткізді.
Алексей Бородавкин, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі:-Мен бұл марапатты жеке өзімнің ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан бағытында еңбек етіп жүрген барлық ресейлік дипломаттардың, ең алдымен, Елшіліктегі әріптестерімнің қосқан үлесіне берілген баға деп санаймын. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің одақтастық, интеграциялық байланыстарымызды одан әрі жоғары әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерімді жұмсай беретінімді нық сеніммен айтамын.
Альбина Әшім
Автор
Альбина Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22